Атырау облысына Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Көліктерді Атырау қаласының Көрме орталығында орналасқан Атырау қаласының еріктілер штабы қабылдады. Гуманитарлық көмек 4 фура көлігімен жеткізілді.
Гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасының ТЖ жөніндегі вице-министрі Урматбек Шамырқанов бастап алып келді.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
https://t.me/oper_shtab_atyrau