Атырау облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жетті

Гуманитарлық көмектің көп бөлігі Жылыой ауданының су басқан елді мекендеріне жіберілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. 

30 тонна гуманитарлық көмек Атырау облысына арнайы рейспен жеткізілді. Су басқан елді мекендерден келген адамдар үшін бірінші қажеттіліктегі  заттарды "Біз біргеміз" ұлттық қоры жөнелтті, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. 
Атырауға жеткен 30 тонна жүктің 22 тоннасы Жылыой ауданына, 2 тоннасы Теңіз вахталық кентінің эвакопункттеріне жіберілді, 6 тоннасы еріктілер штабының резервінде қалды. 
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
t.me/oper_shtab_atyrau

@oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521