Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін, 22 маусым күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Жұмабек Қаражанов болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмабек Қаражанов Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі және мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

2011-2012 жылдары «Жасұлан және Компания» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2014-2017 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекет бюджеттері мен активтерін бақылау № 3 бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ сапаны бақылау, ішкі аудит, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

2018-2019 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ аппаратының басшысы.

2019 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдады.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Жұмабек Қаражановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
___

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

referendum-banner-1

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика