Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкіміне кандидаттар

ken-zhyloi.kz

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЫ

Құлсары қаласы 12 сәуір 2021 жыл Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 36-бабына және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 12 сәуір 2021 жылдың хаттамасы негізінде Атырау облысы, Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттар болып

- Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы, 1982 жылы туған, Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшы орынбасары, Құлсары қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

- Нұрмаханова Арай Қанатқызы, 1984 жылы туған, «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» ММ, қала әкімінің орынбасары, Құлсары қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі тіркелді.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат Нұрмаханова Арай Қанатқызының өмірбаяны

nurmakhanova

1984 жылы 20 қазанда Атырау облысының Жылыой ауданындағы Құлсары поселкесінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2020 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бизнес және басқару магистрі дәрежесін алған.

2006 жылы Ақтөбе қаласындағы Қазақ-орыс Халықаралық университетінің ақпараттық жүйелер мамандығын (специалист) алған.

05.2007-09.2007 жылы - Құлсары қаласындағы сәулет және қала құрылысы бөлімінде бағдарламашы.

09.2007-12.2007 жылы- «Жылыой ауданы кәсіпкерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінде кеңес беруші.

12.2007-01.2010 - «Жылыой ауданы кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚБ директоры

01.2010-10.2010 жылы - «Жылыой ауданы кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігі директоры.

10.2010-10.2017 жылдары жеке кәсіпкер М.А.Бегайсованың есепші көмекшісі.

12.2017-03.2018 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маманның міндетін уақытша атқарушы.

03.2018-08.2020 жылдары - Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы.

08.2020 қазіргі уақытта Құлсары қаласы әкімінің орынбасары.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат Мыңбаев Қанат Қалдығұлының өмірбаяны

mynbayev

Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы 1982 жылы 22 шілдеде Атырау облысының Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 2004 жылы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы және несие саласы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы «Барыс» ЖШС-і мекемесінде экономист болып бастады.

2004 - 2005 жылдары - Жылыой ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы;

2005 – 2008 жылдары - Жылыой ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;

2008 – 2011 жылдары - Жылыой ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары;

2011 – 2013 жылдары- Жылыой ауданы экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары;

2013 – 2016 жылдары - Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

2016 – 2020 жылдары - Жылыой ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы;

2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары болып қызметтер атқарып келеді.

Отбасылы, 4 баласы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521