Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

ken-zhyloi.kz

Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Жылыой ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 - бабы 6) тармақшасына, 21 - бабының 4 тармағына, 22 - бабына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жылыой ауданы ауылдық округ әкімдері сайлау бойынша:

- Қосшағыл ауылдық округінің шекарасында Қосшағыл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Қосшағыл сайлау округі;

- Қара Арна ауылдық округінің шекарасында Қара Арна ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Қара Арна сайлау округі құрылсын.

2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық газеттерде жариялансын.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы З.Т.Калмуханова

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.К.Станова

Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Жылыой ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2021 жылғы 25 шілдеге Жылыой ауданының:

- Қосшағыл ауылдық округі әкімінің;

- Қара Арна ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Жылыой ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық  газеттерде жариялансын.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы З.Т.Калмуханова

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.К.Станова 

 

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Атырау облысы, Құлсары қаласы, Махамбет көшесі, 20, «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» ғимараты.

Телефон: 8 (71237) 5-11-99, e-mail: tik_atr_zhl@saylau.

Комиссия төрайымы - Калмуханова Зауре Тукпатуллаевна,

Төрайым орынбасары - Шыганбаева Жума Бисеновна

Комиссия хатшысы - Станова Гульжан Кереевна

Комиссия мүшелері - Бөлекбай Аяпберген

- Мендикулова Кайырлы

- Суйембаев Нурбай Нурханович

- Бертлеуов Жанибек Нурсултанович

№105 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы, Аблайхан көшесі, 138 үй. 

«Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Телефон: 8/71237/ - 2-82-02

Комиссия төрайымы - Мұқаш Камила Шыңғысқызы

Төрайымның орынбасары - Назарова Слушаш Бисенбаевна

Комиссия хатшысы - Нургалиева Актоты Зайровна

Комиссия мүшелері

- Базарбаев Ибрахим

- Шегирова Алмагул Камидуллаевна

- Адайбаева Актилек Козыбагаровна

- Айткулова Асыл Куандыковна

- Жуманова Калдыгуль Нурсейтовна

- Акмырзиева Торғын Табылғанқызы

№107 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылы, 378 үй. 

«Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Телефон: 8/71237/ - 2-61-51

Комиссия төрағасы - Талбаев Аманқос сайынұлы

Төраға орынбасары - Нұрған Зәмзагүл Ахатқызы

Комиссия хатшысы - Ибраева Райгуль Акбалаевна

Комиссия мүшелері - Абилхайров Айбек Айтуович

- Камысбаева Лайла Айтмухановна

- Алдешова Айгуль Алиевна

- Қойбағарова Айсауле Жеңісқызы

Сайлау учаскелерінің шекаралары:

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы №105 сайлау учаскесі

Шекаралары: Қосшағыл ауылы, Қарағай елді мекені.

Сайлау учаскелерінің шекаралары: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылы №107 сайлау учаскесі

Шекаралары: Шоқпартоғай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521