Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру және полиция департаменттерінің басшылығын шақырумен облыс прокуратурасы алқасының отырысы өтті.
Іс-шарада сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасының мәселелері талқыланды. Қадағалау органы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыты болып табылатынын атап өтті.
Қылмыстық қудалау органы әрбір әрекетті не әрекетсіздікті саралау кезінде объективтілікті қамтамасыз етуге міндетті. Қорытындылай келе, облыс прокуроры құқық қорғау және арнайы органдарға қылмыстық іс жүргізу нормаларының талаптарын қатаң сақтауды, адамдарды сотқа дейінгі тергеу орбитасына заңсыз тартуға жол бермеуді тапсырды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша қатысушы органдарға тиісті нұсқаулар берілді.