Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның толассыз өркендеуі Негізгі Заңның барлық қағидаларын толық жүзеге асырумен тығыз байланысты. Ата Заң егемендігіміздің берік іргетасына, еліміздің табысты дамуының және жоғары халықаралық беделінің тұрақты кепіліне айналды.

Конституция салауатты және табысты қоғамның негізгі құндылықтарын белгілейді, олар: азаттық, бірлік, экономикалық әл-ауқат, таңдау құқығы, еңбек ету құқығы, ар-ождан бостандығы. Негізгі Заңның қабылдануымен елімізде – баға жетпес байлығы Адам болып саналатын демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құру бағыты айқындалды.
Ата Заң әрқайсымыз үшін Қазақстан халқының тату-тәтті ынтымағының нышаны, өңіріміздің, бүкіл еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен гүлденуінің берік іргетасы болып табылады.

Ата Заңымызды ұлықтау – егеменді еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы.
Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас бақыт және тек қана сәттілік тілеймін!
Атырау облысының әкімі   С.Шәпкенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521