Атырау облысы әкімдігі Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты қылмыстық іске түсінік берді

Атырау облысы әкімінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған.

Облыс әкімінің орынбасары 83,7 млн. теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияларды «Бұйырғын» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне заңсыз төлеу фактісі бойынша бюджет қаражатын ысырап етті деген қылмыстық іс бойынша күдікке ілініп отыр.

"Қ.Нұрлыбаев облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде (аталған лауазымға 2019 жылғы 5 маусымда тағайындалған) яғни 2019 жылдың 26-маусымы мен 4-желтоқсаны аралығында инвестициялық субсидиялау келісімшартын жасау және инвестициялық субсидияларды төлеуді іске асырған. Бүгінгі күнге «Бұйырғын» кооперативі 83,7 млн. теңге көлеміндегі борышты толықтай орнына келтірді" делінген хабарламада. Қайрат Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына 2021 жылдың қаңтар айында тағайындалған.

Айта кетейік, Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысы әкімі қызметіне 2019 жылдың 18-желтоқсанында кірісті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521