Атырау облыстық құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Тимур Басарұлы 1979 жылы туған. 1994 жылы Орал құрылыстық техникумын бітірген.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып Басаров Тимур Кенжебайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тимур Басарұлы 1979 жылы туған. 1994 жылы Орал құрылыстық техникумын бітірген. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "құрылыс бакалавры" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, «экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1998 жылы Орал қаласындағы өндірістік кооперативінде құрылыс шебері, құрылыс жөніндегі инженер лауазымынан бастаған.

2004 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша "Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінде" жұмыс істеген.

2008-2016 жылдары бас маманнан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

Соңғы жұмыс істеген орны - Атырау қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы лауазымы.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз