«Атырау - Нұр-Сұлтан» пойызы уақытша тоқтатылды

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады.

Азаматтар аталған бағытқа сатып алған билеттерін кері қайтарып, қаражаттарын толық көлемде ала алады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

⠀ Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. ⠀ Шешім Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің және мемлекеттік комиссияның өкімімен қабылданған. ⠀

«2020 жылдың 13 шілдесінен бастап «Атырау - Нұр-Сұлтан» («Нұрлы жол») № 47/48 жолаушылар пойызы Атырау қаласынан, 15 шілдеден бастап Нұр-Сұлтаннан («Нұрлы жол» вокзалы) жол жүруін уақытша тоқтатады», - делінген хабарламада. ⠀

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады. ⠀

Еске сала кетейік, бұған дейін өңірде «Алматы – Атырау», «Ақтөбе – Атырау», «Маңғыстау – Атырау» бағытындағы пойыз қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылданған еді.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз