Атырау-Құлсары арасында қатынайтын автобустар жаңартылды

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау-Құлсары бағытында тұрақты маршрутта қытынайтын автобустар жаңа 51 орындық Yutong маркалы 6 автобуспен жаңартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.  

- Автобустардың жаңартылуы - ҚР Үкіметінің 2021 жылғы «Отандық өндірістік автобустарды әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қызмет көрсететін тасымалдаушы мекемелерді жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстардың жемісі. Тасымалдаушы мекеме – «ЛаваТранс» ЖШС. Автобустар 51 орындық, ішінде бейне бақылау, GPS жүйесімен,  әжетқанамен қамтылған,- деді Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Жанболат Акинов.

Айта кетейік, автобустар күнделікті Атыраудан Құлсарыға қарай және кері бағытта 7 мәрте қатынайды. Билет құны бір бағытқа 2000 теңге.  Автобус Атырау-Құлсары бағытында таңғы 8:00-18:55 аралығында жүрсе, Құлсары-Атырау бағытына таңғы 7:00-17:30 аралығында жүреді. 
Сонымен қатар, алдағы жоспарларға сай облысішілік Атырау-Доссор-Мақат бағытына қатынайтын автобустарды жаңарту көзделуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT