Атырау бойынша 140 мыңнан астам өтініш түскен

Атырауда 107 340 адамға жәрдемақы төленді

Қазіргі таңда 118 996 атыраулықтың жәрдемақы алу үшін жолдаған өтініші мақұлданған.

Бұл туралы бүгін жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла хабарлады.​

"Төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау барысында мемлекет тарапынан тағайындалған 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне күні бүгінге дейін ​ Атырау бойынша 141 мың 037 адамнан өтініш келіп түсті.​ Оның ішінде 118 996 адамға жәрдемақы тағайындалды.

Бүгінгі таңда 107 340 адамға толықтай жәрдемақы төленді. Egov порталы, Telegram бот арқылы өтінішті әлі күнге дейін жіберіп жатқан азаматтар ​бар. Қазіргі таңда біз барлық өтініштерді қараудамыз. Мақұлданған өтініштер Атырау облысы бойынша ​ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жолданып отырады. Аталмыш жәрдемақыға келіп түскен өтініштерді ​ қарау - төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасады" деп атап өтті спикер.

Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды

қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521