Атырау бекіре балық өсіру зауытына 8 тоннадан астам жоғары сапалы жем жеткізіледі

"Теңізшевройл" компаниясы Атырау бекіре балық өсіру зауытына қолдау көрсету арқылы, бекіре тұқымдас балықтарды сақтау бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Теңіз биоалуантүрлілігін сақтау бағдарламасы өңірде 2017 жылдан бастап іске асырылуда. Оның мақсаты - Каспий теңізіндегі аналық табын санын көбейту, сондай-ақ, Жайық өзеніне бекіре балықтарын жіберу. Айта кетейік, 2023 жылы ТШО Атырау бекіре балық өсіру зауытына 3,5 тонна жем жеткізді. Соңғы жеті жылда барлығы 21,7 тоннадан астам жеткізілді. Биыл Атырау бекіре зауытына тағы 8.1 тонна жоғары сапалы жемді жеткізу бойынша жұмыс жүргізуде. * Жем - бұл аквамәдениет ғылымының соңғы жетістіктерін ескере отырып жасалған теңдестірілген диета. Теңіз биоалуантүрлілігін сақтау бағдарламасы аясында аналық табын мен бекіре балықтардың салмағы айтарлықтай арта бастады. Бұл жобаны табысты іске асырудың маңызды көрсеткіші болып табылады, - дейді зауыт мамандары. Бағдарламаның бүкіл жұмыс кезеңінде зауыт үшін арнайы жасанды тоғандардағы оттегін бақылау үшін аэраторлар қосымша сатып алынған. Сонымен қатар, ТШО компаниясы балық шаруашылығы саласындағы қазақстандық және ресейлік сарапшылардың қатысуымен зауыттың ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін арттыру және оның жұмысын жақсарту бойынша түрлі техникалық тренингтер мен семинарлар ұйымдастырды. Атырау бекіре балық өсіру зауыты қызметкерлерінің айтуынша, 2024 жылы өзенге 1 миллион 56 мың шабақ жіберілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521