Атырау арқылы өтетін жүк көліктеріне сақтық шаралары түсіндірілуде

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Атырау облысы арқылы Еуропа елдерінен келетін көліктер еліміздің өзге қалаларына өтеді. Тәулігіне 500-ден астам автокөліктер, соның ішінде ауыр жүк көліктері Атырау-Астрахань, Орал-Атырау тасжолдары арқылы Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарына қарай бағыт алады. Аталған бағыттарға қатынайтын көліктерге Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Алыс сапардан келе жатқан көлік жүргізушілеріне ыстық шәй ұсынылып, қолайсыз ауа райында сергек болып қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертуде. Әсіресе, шетелдік жүргізушілерге еліміздің өзге облыстарындағы қарлы борандар туралы ақпарат берілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT