Атырау қаласының кейбір аудандарында шектеу шаралары қолданылатын болады

«Атырау-Антитеррор-2019» терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда.

2019 жылғы 1 қараша күні ҚР Терроризмге қарсы Орталығының эгидасы аясында облыстық және Теңіз жедел штабтарының күштерін тарта отырып, Атырау қаласы аумағында «Атырау-Антитеррор-2019» терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда. Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының террористік актілерді алдын алуға бағытталған дайындықтарын тексеру болып табылады.

Аталған мерзім ішінде Атырау қаласының кейбір аудандарында шектеу шаралары қолданылатын болады.

Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатырған оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауларын өтінеміз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Атырау облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз