Атырау қаласындағы арнайы мектеп-интернатында екі аудиосынып ашылды

Арнайы мектеп-интернатында облыстың әр ауданынан келген 3 жастан 18 жасқа дейін 120 бала оқып, білім алады.

AYALA қайырымдылық қоры ірі компаниялардың бірінің демеушілігімен мектеп-интернатқа интерактивті панельдері бар екі заманауи "Унитон Форте" аудиоклассын тапсырды. Жобаның жалпы бюджеті 9,3 млн теңгені құрады. Благотворительный фонд. Компанияның қоғаммен байланыс бойынша кеңесшісінің айтуынша, компания тарапынан әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда басты назар денсаулық сақтау саласына қойылады.

- Медицина саласындағы қызмет көрсетуді жақсарту арқылы, біз адамдардың денсаулығын, өмірін сақтауға атсалысамыз. Компания тарапынан денсаулық сақтау саласына жасалған инвестиция, Атырау облысы халқының денсаулығы мен өмір сапасына оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз, – дейді компанияның қоғаммен байланыс бойынша кеңесшісі.

Мектеп-интернатта негізінен азқамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары тәрбиеленуде. Интернат басшылығының сөзінше, бұл жерде аудандардан келген 50 тәрбиеленуші болса, қалғандары облыс орталығынан.

- Қайырымдылық қорының арқасында енді біздің заманауй талапқа сай жабдықталған сыныптарымыз бар. Олардың көмегімен балаларға есту, сөйлеу дағдыларын арттыру үшін жаңа методикаларды қолдануға мүмкіндік береді, – деді мектеп-интернатының директоры Фатима Баймұханова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз