«Адалдық алаңы» өкілдері қоғамдық бақылау жүргізуде

2020 жылдан бастап әр өңірде жаппай «Ашық әкімдіктер» ашыла бастады

2019 жылдан бері жүзеге асырылып келген «Атырау адалдық алаңы» жобасы Атырау өңірі тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне түрлі салалы бағытта қоғамдық бақылаулар жүргізіп, кейбір мемлекеттік қызмет көрсету органдарында ашықтықтың жоқ екендігін, әрі қала және аудандарда әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің әр жерде орналасуы тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызатынын көріп, қолайлы ортаны қалыптастыру мәселесін зерделеген болатын.

Қордаланған мәселені көтерген республикалық «Адалдық алаңы» жобасы өкілдері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсыныс тастап, әр мемлекеттік органда ашықтықты қалыптастыру үшін «Ашық әкімдік» жүйесін енгізу ұсынылған еді. Агенттіктің бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаевпен бұл мәселе қолдау тауып, өңірлерге Ашық әкімдік жүйесін қалыптастыру бойынша тапсырма берілді.

2020 жылдан бастап әр өңірде жаппай «Ашық әкімдіктер» ашыла бастады. Атырау өңірінің қала және 7 ауданында 2020 жылдың тамыз – желтоқсан айларында сервистік әкімдіктер жасақталып, опен спэйс форматта тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Бұл қызмет халықтың көңілінен шықса керек. Әлеуметтік желіде пост немесе тікелей эфир арқылы қаладағы және аудандардағы ашық әкімдік жұмысын көрсетіп, бұл қызметтің өте ыңғайлы екендігін айтуда.

Халықтың бұл мақтанышы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті және «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері үшін үлкен қуаныш. Өйткені біз бұл бағытта тура екі жыл жұмыс жасадық. Бұл жобаны әкімдер алдында қорғау, оның аса қажеттілігін барымызша жеткізе білдік. Сең қозғалды. Ашық әкімдік жаппай қызмет көрсете бастады. Алайда, кейбір аудандарда бұл жұмыс әлі күнге дұрыс жолға қойылмай келеді.

Атырау адалдық алаңы жобалық кеңсесіне келіп түскен тұрғындар хатын зерделесек, кейбір аудандардағы Ашық әкімдіктердегі бөлім мамандары орнында отырмайды немесе қызмет көрсетуге біліктіліктері аз, кейде интернет жүйесі сыр білдіреді екен. Әр анықталған кемшіліктер бойынша жобалық кеңсе өкілдері жергілікті әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, кемшіліктерді жоюда толассыз жұмыс жасауда.

21 сәуір күні «Жылыой адалдық алаңы» жобасының өкілі Қуаныш Аязбаев Жылыой ауданында ашылған "Ашық әкімдіктегі" Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі және Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне мониторинг жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Күні кеше ғана ашылған "Ашық әкімдік" ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған түйме жұмыс жасамайды.

Қоғамдық бақылау кезінде аудандағы Ашық әкімдік қызметкерлері тұрғындарды ішке кіргізбей, сырттан қабылдап отырғандығын көрдік. Жобалық кеңсе өкілі мүмкіндігі шектеулі баласын үйіне тастап "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша құжат әкеліп тұрған тұрғынның ішке кіре алмай, жауап та ала алмай тұрған ренішін көрді. «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі анықталған кемшіліктер бойынша Жылыой ауданы әкіміне ашық әкімдік қызмет көрсету сапасын ретке келтіру және кемшілікті жіберіп отырған мемлекеттік қызметшілерге шара қолдану ұсынылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Атырау облысы бойынша Департаменті баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521