Атырауға "Спутник V" вакцинасының 3600 дозасы келді

ken-zhyloi.kz

"Жаңада жеткізілген вакциналар жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған", деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Спутник V" вакцинасының 3600 дозасы Ақтөбе фармацевтикалық хабынан 2 сәуір күні таңертең жеткізілді. Оны Атырау облысындағы 22 егу пунктіне бөлу жоспарлануда.

Вакциналардың жаңа партиясы жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған. Сондай - ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған азаматтардың сегіз басым санаты бойынша халықты да вакцинациялау жалғасады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда "Спутник V" екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компонентімен 1556 адам егілді.

- Соңғы тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 311 адам алды. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші, 60 медицина қызметкері және 243 педагог бар, - деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз