«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының жаңа орынбасарлары тағайындалды

«Атырау-Ақпарат» директорының бірінші орынбасары қызметіне Рауан Сәбитов, шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып Серік Қабдолов тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жаңа орынбасарларды ұжымға «Атырау-Ақпарат» басшысы Ысқақ Егембердиев таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Рауан Сәбитұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2010-2012 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін әлеуметтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Журналистика магистрі, журналистика және саясаттану факультетінің докторанты дәрежесі бар. Малайзия, Словакия, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған. 2008-2016 жылдары аралығында редактор-жүргізуші, бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақстан-Атырау» телеарнасы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2018 жылдары «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары лауазымында болған. Соңғы еңбек еткен орны - «Жайық Пресс» ЖШС директоры.

Серік Балтабайұлы 1972 жылы туған. Білімі - жоғары. Еңбек жолын 1993 жылы «Атырау» телерадиокомпаниясында оператор, тілші болып бастаған. 1997-2020 жылдары аралығында шолушы, меншікті тілші, продюсер, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, бас редактор, бөлім басшысы сияқты түрлі лауазымда еңбек еткен. 2020 жылдан бүгінге дейін Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің басшысы қызметін атқарған.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика