«Атырау-Ақпарат» пен «Ақтөбе медиа» басшылары меморандумға қол қойды

Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен тың бастама қолға алынды.

«ОЙЫЛ–ҚИЫЛ–ЖЕМ–САҒЫЗ» атты экологиялық тақырыптағы бірлескен шығармашылық-зерттеу жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Жоба аясында «Атырау-Ақпарат» және «Ақтөбе медиа» ЖШС-тері арасында әріптестік бағыттағы қарым-қатынастарды дамыту, бұқаралық ақпарат құралдары саласында шығармашылық байланыстарды өрістету көзделіп отыр. Осы бағытта бүгін аталған екі серіктестіктің басшылары Ысқақ Егембердиев пен Раукен Отыншин өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды. «Ақтөбе Медиа» серіктестігінің директоры, Қазақстан Журналистер Одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин шығармашылық-зерттеу жобасының серіктесі болып табылады. Меморандум аясында аталған өзендердің ахуалы жөнінде экспедициялар, қоғам белсенділері, тиісті құрылымдармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстар жасалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521