Атырауға 66 тонна қант келді

Бұл туралы "Идеал маркет" ЖШС қойма логистикасы постының директоры Қуаныш Алимбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Атырауға Алматыдан 2 вагон қант келді. Қазіргі уақытта Идеал және Лидер супермаркеттері арқылы сатылымға шығарылуда.
Өңірге 1-маусымнан бастап екі вагон қант жеткізілген болатын. Қазір дүкендердегі қанттың бөлшек саудадағы бағасы 385 теңге. Енді сатылымға шығатын қанттың 1 кг 500-517 теңгеден басталады. Өйткені, жол бағасының қымбаттауы себеп болып тұр. Қанттар Алматы облысындағы Көксу қант зауытынан жеткізілуде. Алдағы уақытта тағы екі вагон қант келе жатыр. Олар жақын күндері облысқа жеткізіледі, деді Қ.Алимбетов.
Айта кетейік, Атырауда жалпы Идеал және Лидер супермаркеттерінің 35 нүктесі бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз