Аты «шектеулі» болғанмен, заты шектелмеген жандар

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі екендігі туралы айтқан. Сондықтан да қоғамның осы топтағы адамдардың тіршілік ету сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып белгіленген. Бұл ретте күнделікті қызметін осы мақсатқа жұмылдырған Құлсары қаласы «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қамкөңіл жандардың қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне барынша жағдай жасауға тырысады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмектесіп, қолдау көрсету арқылы олардың белсенді өмір сүруіне ықпал ету, жұмыспен қамтуға қатысты шаралар арнасын кеңейту жұмыстары жүзеге асырылуда. Біз осыған орай Құлсары қаласы «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Айнагүл Жекиеваға жолығып, бірнеше сауал қойған едік.

Айнагүл Тәжібайқызы, бірлестік мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан ажырап, тасада қалмауы, қоршаған орта- мен толыққанды араласуына мүмкіндік жасайтын бірден бір ұйым. Алдымен, әңгімені қоғамның құрылған күні мен атқарып жатқан жұмысынан бастасақ?..

-Қазіргі таңда ауданымызда 2500-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар. Оның 80-і - балалар. Әрине, әрбір жан тағылымды тірлік жасап, баянды өмір сүргені абзал. Оқыс жағдайдан мүгедектікке душар болған немесе туғаннан кемтар боп дүниеге келген жандардың көкірегінде өмірге деген құлшыныс сезімі зор болатыны айқын. Біздің мақсатымыз — осы адамдардың өз ортасын қалыптастырып, қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, мұң-мұқтажын құзырлы органдарға жеткізу.

Бірлестік 2018 жылы құрылған. Жұмыс жасап келе жатқанына биыл 5 жыл толды. Біздің қоғамға сырттан ешқандай көмек берілмейді, бюджеттен қаржы бөлінбейді. Үкіметтік ұйым емес болған соң, көбіне жеке кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдар қол ұшын созып, қаржылай көмек көрсетіп жа- тады. Жиналған қаражатты мүмкіндігі шектеулі жандардың жоқ-жітігіне, керек-жарағына жұмсаймыз. Көбіне азық-түлік алып береміз.

Сонымен қатар, біз мүмкіндігінше жұмыс жасауға қабілетті мүмкіндігі шектеулі жан- дарды «Мансап» орталығы арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал етеміз. Қазіргі таңда бірлестікте үш адам ғана жұмыс жасаймыз.

-Өз сөзіңізде қоғам мүшелігіндегі мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға көмектесетініңізді айтып қалдыңыз. Ал, мүгедек жастарды қайта оқытуға, арнайы курстарға жіберуге мүмкіндік бар ма?

-Әрине, аудандық «Мансап» орталығы немесе «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы түрлі оқуларға қабылдау жүргізіліп жатса, бізге міндетті түрде хабар береді. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға туғызылатын мұндай мүмкіндікті қалт жібермейміз, қызығушылық танытқан жандарды міндетті түрде курсқа жіберіп отырамыз. Бүгінде колледжде білімін жетілдіріп жатқан 9-11 сынып бітірген мүгедектігі бар жасөспірімдер бар. Олардың көпшілігі грантқа түсіп, тегін білім алып жүр.

«Қолы ашықтың – жолы ашық», «Жомарттың аты арып, тоны тозбас» деген нақыл бар. Осы ғибратты сөздерді басты қағида ретінде ұстанатын қазақ халқы астындағы атын түсіп беретін мырзалық, мәрттік қасиетке ие. Сондықтан да, шүкір, жұртымда әлеуметтік ахуалы төмен жандарға қолдан келгенше көмегін аямайтын қайырымды жандар қай кезде де аз болмаған. Ондай атымтай жомарттар әлі де баршылық арамызда. Олар колледждің ақылы бөлімінде оқып жүрген студенттерге жиі көмектесіп тұрады. Сондай қайырымды азамат Т.Байсырымов атындағы гуманитарлық-техникалық колледждің 3-курс студенті Медет Әбденнің оқу ақысын төлеп, қолұшын созды.

Одан бөлек, бізге көмекке еріктілер де келеді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың ауласын тазалап, кейде үй шаруасына қолғабыс етеді.

-Тағдырдың салған тәлкегіне қарамастан, мүмкіндігі шектеулі жандар рухының асқақтығы қайран қалдырады, әрине. Қандай шаралар болса да белсендік танытып жүргенін көреміз. Ендеше, осы бағытта жеткен жетістіктерге де тоқталып өтсеңіз.

-«Мүмкіндігі шектеулі жандар» деп аты шектеп тұрғанымен, іс жүзінде қолдан келетін бар мүмкіндікті қолданып келеміз. Қай салада болсын жоғарғы деңгейге жетіп, өз қолтаңбасын қалдырып жүргендер бар. Қоғамнан өз орнын тауып, белсенділік таны - татындар да арамызда жетерлік. Сол себепті мүмкіндігіміз шексіз деп айта аламыз.

Біздің орталықтағы жандар түрлі байқаулардан жүлделі орындармен көрініп келеді. Әсіресе, спорттық сайыстарға бел - сене атсалысады. Бақтарын сынап, бірінші, екінші орындарды иеленіп жүр. Сонымен қатар, мәдени шараларда өнер көрсетіп, өздерінің жан-жақты өнерімен таң қалдырып келеді. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай.

-Иә, қазақ халқында «Армансыз адам - қанатыз құспен тең» деген нақыл бар. Осы орайда физикалық тұрғыда мүмкіндігі шектелсе де, жігері жасымаған жандардың арманы да асқақ болатыны анық. Осындай рухы биік жандардан құрылған қоғамның болашаққа жасаған жоспары бар болар?

-Әрине, арманымыз - асқақ, мақсатымыз – айқын. Болашақта «тендерлерге» қатысып, өз бағымызды сынап көргіміз келеді. Осы - лайша бірқатар жанды жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Одан бөлек, ауқымды ша - раларда бой көрсетіп, бағымызды сынасақ дейміз. Қазіргі таңда қоғам жанынан ашылған шахмат, тоғызқұмалақ бөлмелері мен теннис және жаттығу залдары бар. Алдағы уақытта орталық музыкалық қондырғылармен қамтылған арнаулы бөлмемен толығады.

-Әңгімеңізге рақмет!

Айнұр МЕЙРАМБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521