Аты аңызға айналған ақкиізтоғайлық

Ақкиізтоғай аулындағы №10 мектепте неміс десанттарының Жылыой жеріне түскеніне 75 жыл толуына байланысты шара өтті жақында.

Ақкиізтоғай аулындағы №10 мектепте неміс десанттарының Жылыой жеріне түскеніне 75 жыл толуына байланысты шара өтті жақында. Неміс десанттары қолынан қаза тапқан Байжан Атағожиевке арналған мұражай бөлмесіне жиналған қонақтар дөңгелек үстелге жайғасқан.

Мектеп мұғалімі Нұрлан Тілеуов «Болашаққа жол салдық қанымызбен» атты тақырыптағы дөңгелек үстелді ашты. Осы іске бастамашы боп жүрген ауыл тұрғыны Бозай Қарамолдиев бөлмеге қойылған экспонаттардың тарихымен таныстырды. Мектептің оқушылары ата рухына арнап концерт қойды. Әсіресе Атағожиев ескерткіші алдындағы шарада оқушылардың әскери қызметке әзірлік көрінісі көңілден шықты. Мектеп директоры Шамшырақ Қобанова дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға ризашылығын білдірді.

Мәдени шара Ақкиізтоғай селолық округі әкімшілігі залында жалғаса түсті. Селолық округ әкімі Д.Тілеуов кіріспе сөз сөйлеп, дөңгелек үстелге қатысушы қонақтарды таныстырып өтті. «Ағаевтың ізімен» экспедициясының жетекшісі, филология ғылымының кандидаты, ғалым, аталмыш оқиғаны зерттеуші Мақсат Тәжі-Мұрат, кинорежиссер Базарбай Қосшиев, мәдениет ардагері Нұрдәулет Ақназаров, ардагер мұғалім Наурызбай Төлеуов, өлкетанушы, тарихшы Аманғали Әміржанов, Байжан Атағожиевтің көзін көргендер мен оның ұрпақтары, ауыл тұрғындары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, алдымен, Ақкиізтоғай аулы туралы радиорепортажды тыңдап, «Жау десанты түскен жер» атты кинофильмді тамашалады.

Зерттеуші Мақсат Тәжі-Мұрат және тарихи тұлғаның көзін көрген куәгерлер Дариға Ерғалиева, Ботақара Берденаевтың ұлы Есенбай Ботағарин т.б. сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды. Ал Ақкиізтоғайда қоныстанған Атағожиевтер әулеті тұратын үй ауласына ескерткіш тақта қойылды.

Б.Молдиев,

Тұрғызба ауылы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT