Қатты желдің әсерінен Тұрғызбада үйдің шатыры ұшқан

Кешегі қатты желдің салдарынан ауданда төтенше жағдай орын алып, тұрғын-үйдің шатыры толықтай ұшып түсті.

Кешегі қатты желдің салдарынан ауданда төтенше жағдай орын алып, тұрғын-үйдің шатыры толықтай ұшып түсті. Аталған оқыс оқиға күндізгі сағат 12:30 шамасында Жылыойға қарасты Жем ауылдық оругінің, Б.Нысанбаев көшесінде орналасқан №21 үйде орын алған.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне оқыс жағдай үй иесінің хабарлауымен, сағат 15:56 шамасында тіркелген. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер болмаса да, үй төбесінен ұшқан шатыр, аула бойымен жүргізілген газ және электр желілерін қиып өтіп, істен шығарған. Кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында тиісті мекеме қызметкерлері мекен-жайға дер уақытында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз