Аталы сөзге тоқтаған – Азаматтық

10 қаңтар - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Ел тыныштығын, мемлекетіміздің ішкі бірлігі мен тұтастығын сақтау жолында көптеген ел қорғаған сарбаздар, қыршын  жастар мерт болды. Олар Алматы сияқты әсем қаламызды, басқа да қалаларда болған лаңкестік пен бүлікшілердің шабуылына ерлікпен қарсы тұрды. Сөйтіп халықтың амандығы үшін күресті. Осы жолда қаза тапқан барша  азаматтардың отбастарының қайғысына  Жылыой тұрғындары да қайғырып, көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды- Бүкілхалықтық аза тұту күні деп жариялады. Мемлекет басшысы жағдай күрделенген сәттен бастап, барлық шешімді дер кезінде қолға алды. Осының арқасында аса күрделі аһуал біртіндеп реттеліп, халық бұрынғы қалыпты, бейбіт тірлігіне, мамыражай тіршілік ырғағы қайта оралуда.

Аудан азаматтары елге алдымен тыныштық пен бірлік, береке мен бекемдік қажет екендігін түсінді. Кең Жылойдың аталы сөзге тоқтаған салиқалы сабыршыл мінезін танытты. Тәртіпсіздікке жол берілген жоқ. Тәртіпті берік сақтай білген елдің барша азаматтарына алғыс айтамын. Ақыл ешқашан арымас.

Іште бүлік болса, сыртқы жау да қарап қалмасы анық. Бұған Алматы қаласында болған лаңкестік пен соның салдарынан болған қайғылы оқиғалар дәлел. Соның кесірінен қаншама отбасы қасірет құшты, көптеген қалалар орасан материалдық зардап шекті. Өндіріс орындары тоқтағандықтан экономикамызға айтарлықтай зияны тиді.

Мемлекет басшысы мен ел ағалары осындай аса күрделі кезеңде күні-түні белсенді іс-әрекет етуде. Перзидент Үндеулер жариялап, мемлекет беріктігі үшін шұғыл да батыл шешімдер қабылдануда. Облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыс халқына арнап тыныштық пен бірлікке, татулыққа шақырған Үндеу жариялады.

Бүгін -Жалпыұлттық аза тұту күні.

Бізге Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінен артық бақ-береке жоқ. Мемлекет басшысының шешімдерін қолдап, бүгінгі күнге сай қабылдаған шұғыл, барлық шешімдерін іске асыруға өз үлесімізді қосуға шақырамын.

Арандатуға ермеңіздер! Сабыр сақтаңыздар! О, заман да, бұ заман көз көрмек түгіл, құлақ естімеген сұмдықтарды террористер мен экстремистерге еріп, солармен бірге әсем ғимараттарымызды талқандап, тонаған, ойындағыларын істеп қалаларымызды отқа орағысы келген жүгенсіздер құрықталып жатыр. Ұлы даламызды үрей мен қорқынышқа бөлегісі келгендер, теріс пиғылдылардың әрекетінен қаншама шығын келді. Отанымызды соңғы демі қалғанша ерлікпен қорғаған боздақтарымыздың мәңгілік рухы биікте болғай!

Барша қазақ еліне қайғыра көңіл айтамын!

Халел ЖАМАЛОВ, аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521