Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.
Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғарылауазымды тұлғаларды тағайындауды келісугеқұқылы екенін айтты. Олардың қатарындаВице-Президент, Премьер-Министр,Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталықсайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғарыаудиторлық палатаның 8 мүшесі бар. Яғни, қазіргіден әлдеқайда көп.
Марат Шибұтов Парламентті таратутетіктерін неғұрлым икемді және ымырағакелуге мүмкіндік беретіндей етуді ұсынды.
«Таратады» деген сөздің орнына менүзілді-кесілділікті алып тастап, келісімге келумүмкіндігін қалдырып, «таратуға құқылы»дегенді қолдануды ұсынамын. Бұл«Президент» бөліміндегі 46-баптың 2, 4,8-тармақтарына және «Құрылтай» бөліміндегі62-баптың 1, 2-тармақтарына қатысты.Осылайша, біз саяси жүйені икемді жәнеымыраға келуге бейім етеміз. ҚұрметтіКомиссия, менің ұсынысымды қолдаудысұраймын», – деді ол.
Саясаттанушы сондай-ақ ҚР жаңаКонституциясына ұсынылған әрбір тұжырымКонституциялық комиссияда қызу талқылауданөтіп, ашық қоғамдық бағалауменсүйемелденгенін атап өтті.
«Бұл күрделі, кейде ыңғайсыз, бірақ адалүдеріс болды. Нәтижесінде, қазіргі кезеңдебізде түрлі сала сарапшыларының бірлескенеңбегі мен әртүрлі ұстаным, тәжірибе мендүниетанымының нәтижесі болып табылатынжоба бар. Сондықтан да Ата заң жобасыжалпыхалықтық дауыс беруге шығаруға дайындеп санаймын», – деп қорытындылады МаратШибұтов.



