Ата кәсіп алға басуда

Өткен аптада жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХVI сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімі Халел Жамалов қатысты. Кезекті сессия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, депутаттар және жергілікті бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде ең өзекті болып табылатын 10-нан астам мәселе қаралды. Аудан әкімі Х. Жамалов «Аудан экономикасы мен әлеуметтік саласының 2021 жылғы даму қорытындылары және 2022 жылғы іс-қимылдары» жөнінде есеп берді. Аудан басшысы депутаттарды Президент тапсырмаларын бірлесе орындап, «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.

-Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі –7 371,9 млрд. теңгені құрап отыр. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 175,7 пайызды құрады (2020-4196,4млрд.теңге). Мұнай – 29,3 млн.тонна (2020ж – 29,3 млн. тонна) және 14,9 млрд. текше метр газ өндірілді (2020ж–14,9 млрд. текше метр). Былтырғы жылмен салыстырғанда мұнай мен газ жоспары 100 пайызға орындалды. Ал жергілікті бюджет мәселесіне тоқталатын болсақ: аудан бойынша жергілікті бюджетке 53,6 млрд. теңге кірістер бөлігі жоспарланды (2020ж-50,0 млрд.теңге). Нақты 52,3 млрд. теңге түсті(2020ж-47,6 млрд.теңге)немесе жоспар 97,5 пайызға орындалды (немесе 1,3 млрд.теңге түскен жоқ). Орындалмау себебі : кіріс бөлігінде Теңіз кенішінде 3-буын зауыт ашылып, мүлік салығы түседі деп жоспарланған болатын. Алайда зауыт іске қосылған жоқ.  Ауыл шаруашылығы саласында да, соның ішінде мал басы санының және одан алынатын өнімнің мөлшерінде былтырғы жылмен салыстырғанда биыл көп алға ілгерілеушілік бар, – деді аудан басшысы Х.Жамалов өз баяндамасында.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласындағы асылдандыру, егін шаруашылығы, аталған саланың қаржылық қамтылуы, техникалық жағдайына да жеке-жеке тоқталып өтті. Одан басқа, денсаулық, білім, құрылыс, мәдениет, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнес, діни ахуал және т.б. көптеген салалардың дамуына тоқталды.

Сессияда аудандық мәслихат хатшысы Сайлаубай Таласов 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Депутаттар 2021 жылы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 68 қабылдау өткізді. Онда барлығы 315 тұрғын қамтылған. Айтылған мәселелердің 230-ы, яғни 73 пайызы оң шешіліп, 84 өтініш бойынша, яғни 27 пайызына қатысты түсінік берілді. 2022 жылдың басынан партияның аудандық филиалының қоғамдық бөлмесінде 6 қабылдау өткізіліп, онда 18 мәселе айтылып, 7-і (38,5 пайыз) оң шешімін тауып, 11-не (61,5) қатысты түсінік берілген. Сонымен қатар, қала, кент, ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру жиналыстарына қатысу арқылы, оларда көтерілген мәселелерді әрі қарай комиссия отырыстарында, сессияларда қарауға, шешу жолдарын қарастыруға жұмыстар атқарылуда. Оған қоса, алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес мәслихат депутаттары Құлсары қаласында 2 кездесу, барлық ауылдық округтерде бір-бірден, барлығы, 8 кездесу өткізіп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін, тілектерін тыңдап, тиісті жауаптарын беріп, өзекті мәселелер бойынша тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолдайтынын жеткізді. Өткізілген кездесулердің хаттамалары жасақталып, зерделеніп, бірқатар мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолданды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Тұрғановқа депутаттық сауал жолдау арқылы Шоқпартоғай ауылдық округіне перрон салу мәселесі шешіліп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауал салу арқылы ауданға бөлінетін экстра-корпоралды ұрықтандыруға (ЭКО) арналған квота саны ұлғайтылды, - деді мәслихат хатшысы С.Таласов.

Сессия күн тәртібінде көтерілген өзге де бірнеше мәселе тұрақты комиссия отырысында талқыланды. Сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту, үстіміздегі 2022 жылға аудан, қала, кент және ауылдық округтер әкімдерінің тұрғындармен кездесу кестесін бекіту туралы мәселелер төңірегінде жауапты мамандар баяндама жасады.

Ш.ХАМИТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521