Ата-аналары таңдау жасағанда балалар батуттың қызығында

Жылыой ауданындағы сайлау учаскелерінің алдында түрлі іс-шаралар өтуде. Сол қызықты шаралардың аясында 258-ші және 101-ші дауыс беру учаскелеріне кішкентай бүлдіршіндерге арнап үрмелі батут құрылыпты. Ата-аналары сайлау учаскесіне кіріп дауыс беріп жатқан кезде, балалары ойын қызығына берілмек. Осылайша үйінде балаларына алаңдайтын үлкендерге де ерекше мүмкіндіктер берілген.

Сайлау күні ауа райы да ерекше күйге еніп тұр. Батутта алаңсыз ойнап секірген балалардың қуанышы мен күлкісі маңызды күннің мәнін  одан сайын арттыра түскендей.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521