Асық ойнаған балалар

Ұлттық ойынның қай түрі болса да – салт-дәстүріміз бен болмысымыздың ажырамас бөлігі. Соның ішінде қазақ балаларының қызықты ойыншығы асық болғаны анық.

Иіргенде түскен қалпына қарай асық  алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап, арнайы қорғасын құйылып жасалғаны сақа, жақсылары оңқы аталады. Халқымыз асықты қастерлеген. Мұндай ұлттық ойын түрлері әсіресе жасөспірімдердің рухани дамуына жақсы әсер ететіні анық.

Қосшағыл мәдениет үйінің ұйымдастыруымен асық ойнаудан ауыл балалары арасында жарыс өткізілді. Жарысқа он екі бала қатысты. Жүргізуші Амандық Әлібек, алдымен, асық ойынының маңызы мен ерекшелігін түсіндірді. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Е.Амангелді алса, екінші орынды Н.Әліби иеленді. Жарыс соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Н.Бөлегенова, Қосшағыл мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз