Асық атқан зейнеткер қартайдым деп тұрған жоқ

Жиналысты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Т.Майлыбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Жалелов «2017 жылғы және 2018 жылдың І-ІІ тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары» туралы есеп берді. Ол алдағы уақытта қаланың бас жоспары қайта жасалатынын айтты. Сонымен қатар кәсіпкерлерге жер берілген кезде автотұраққа, абаттандыруға орын қоса беру мәселесі қаралатынын және жоспардағы салынатын көпқабатты үйлерге пандус салу қарастырылмағанын, белгіленген стандартқа сәйкес келмейтінін айтты.

Қосшағыл бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Баселовтың «2017-2018 жылдың I-II тоқсандағы ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру бойынша атқарған жұмыстарының» есебі тыңдалды. Оның айтуынша «Цифрлы Қазақстан» жобасы бойынша ауылдағы мектептен ІТ-класс ашу жоспарлануда. Ұсыныс бойынша мәселелерге толықтырулар енгізіліп, жоспарға сәйкес іс-шаралар қаулы бекітілді.

Ж.ШАҢҚАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521