Асханадағы аспандаған баға оқушыны да аяйтын емес

Міне, ала жаздай демалып, сағына күткен оқу жылы да басталып кетті.

Балалар сөмкелерін арқалап, мектеп табалдырығын аттады. Сол оқу жылы басталған күннен бастап мектеп асханасы да жұмыс жасай бастады. Балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі онда. Сонымен қатар асханада бәліш, самса, тоқаш секілді жеңіл тамақтар да сатылады. Бұл тағамды балалар алып жегісі келеді. Соған орай әрбір ата-ана баласын өзге оқушының қолына қарамасын деп қалтасына аз-мұз ақша салады. Ал сол салған ақшаға барлық бала бірдей асханадан қалағанын алып жей ала ма? Жоқ. Өйткені тағамдардың бағасы қымбат. Қазақта мақал бар: «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген.

Бұл күнде сол асхананың иелері көлемі кішкентай пицца, бәліштерді 120-150 теңгеден сатып отыр. Мектепте оқитын бала үшін бұл бағалар қолжетімсіз. Ал бір үйден екі оқушы оқыса, байғұс ата-анаға салмақ болары сөзсіз. Онсызда мектепке қатынайтын автобус, көлік ақысы тағы бар.

Тендер арқылы ұтып алған асхана иелерін бақылайтын адамдар бар ма? Біз кәсіпкерлердің өз қалтасынан гөрі баланың қалтасындағы тиынмен санасқанын қалаймыз. Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Таңатарова осыны жіті қадағаласа, нұр үстіне нұр болар еді.

Нұржамал Қошанова,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521