«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ» бәрі ашық айтылады

Қазір көпшілікті толғандырып жүрген мәселенің бірі - ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаражат мәселесі. Ол қашан, қалай, қай уақыттан басталады? Осы сұрақ көптеген ата-ананы мазалайтыны анық. Аталған сауалға "БЖЗҚ" АҚ-ның ұйымдастырған «Ашық есік күнінде» жауап алуға болады. Бұл жөнінде қоғамның Құлсары филиалының басшысы Ғалия Садешова хабарлады.

Осыған орай, "БЖЗҚ" АҚ халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу мақсатында "Ұлттық қор-балаларға" деген жобамен осы жылдың қараша айының 29-ы, яғни сәрсенбі күні «Ашық есік күнін» өткізеді. Онда "Ұлттық қор – балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік жобасының мақсаты қандай, ол қашан және қалай жүзеге асырылады, баланың бағдарламаға қатысуы үшін не істеу керек, олар өз жинақтарын қалай және қандай мақсаттарға ала алады, жыл сайынғы түсімдердің сомасы қалай есептеледі, ата-аналар немесе заңды өкілдер баласының төлемін қайда және қалай бақылай алады, алғашқы қаражат балалардың шоттарына қашан түседі?» деген сауалдарға БЖЗҚ қызметкерлері нақты жауап беретін болады. Қатысушыларға "Ұлттық қор – балаларға" жобасының мақсаты мен оның қолжетімді әрі түсінікті түрде іске асыру тетігі туралы айтып береді.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта сағат 10:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы осы https://enpf.webex.com/ weblink/register/r8442b903afccbfb85e264158 ff3b934c сілтемеге өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: 2515 718 8614 және event-кеңестің паролі: 12345

Е.ЕСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521