Ашық пікірсайыс

Тікелей эфир арқылы белсенділік танытып сұрақ қоюшыларға тұшымды жауаптар, келелі кеңестер берілді.

Өткен жұмада аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының «Праймериз 2020» додасына қатысушы үміткерлердің кезекті жария пікірсайысы өтті. Бұл жолы да ашық алаңда сөз бәйгесіне түскен 6 қатысушы кандидат аудан көлеміндегі өзекті болып табылатын мәсеселерге қозғау салды, шешілу жолдарын да, өз ұсыныс-пікірлерін де тілге тиек етті. Берілген шектеулі уақыт ішінде өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен, депутаттық мандатқа ие болған жағдайда шешілуге ықпал ететін жұмыстар тізбесімен көрерменді толық әрі нақты түрде таныстырды.

Жария пікірсайыстың екінші сұрақ-жауап кезеңі бойынша әр кандидат өзімен бәсекеге қатар түскен өзге қатысушыларға көкейкесті сауалдарын жолдады. Дәл осындай сұрақ қою мүмкіндігі экранның ар жағында сайыстың өту барысын көз алмай қадағалап отырған көрерменге де бұйырды. Тікелей эфир арқылы белсенділік танытып сұрақ қоюшыларға тұшымды жауаптар, келелі кеңестер берілді.

Ашық пікірсайыс кезінде мұғалім мәртебесін көтеру, ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтар ашу және оларды дамыту бағытында арнайы оқу үйірмелерін ұйымдастыру, қыз-келіншектерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғаудың жолдары айтылды. Сондай-ақ экологиялық өзекті мәселелер сөз болды.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT