Өткен жұмада аудандағы әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерде "Ашық есік" күні өтті.
"Кең Жылыой" мәдениет үйінде өткен "Ашық есік" күніне қала тұрғындары келді. Тұрғындар өздері тұрып жатқан учаскелеріндің мәселелерін көтерді.
6-учаскенің бір топ тұрғыны өздері тұратын аумақта ток қуаты тиісті мөлшерден аз екенін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындар бағаналар мен ток желілерінің ескіргенін, мүмкіндік болса оларды жаңарту жұмыстарын жүргізуді сұрады. Тұрғындар Құрсай өзегінің осы учаске маңындағы тұсын ретке келтіру керектігін айтты. Олардың айтуынша өзекті тереңдету және абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Дегенмен сол маңда өсіп тұрған жыңғыл тағы да басқалары тазартылмаған. Ол жерлер маскүнемдер жиналып отыратын жерге да айналыпты. Кейбіреулер жағалауға төселген төсемтастарды шашып тастапты. Бұл мәселеге орай аудан әкімінің орынбасары Қахарман Бағынов, қала әкімінің орынбасары Ерназ Мақсотовтар жауап берді. Ашық есік күніне келген тұрғындардың жер учаскесін алу мәселесіне орай қойған сауалдарына аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев түсінік берді. Тұрғындар қойған сауалдарға тиісті бөлім басшылары жауаптарын берді.
Қ.НҰРТАЙҰЛЫ