Ашық есік күні

Өткен жұмада №19 мектепте ата-аналар үшін ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне келген ата-аналарды мектептің мәжіліс залында мектеп директоры Салтанат Жұмағалиева мектеп тынысымен таныстырды, білім ордасының жетістіктері туралы баяндап берді. Мектеп дәлізінде оқушылардың қолынан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Ашық есік күніне келген ата-аналар тарапынан мектеп пен ата-ананалар арасындағы жұмыстардың жүргізілгендігін, мектеп бойынша тәртіптің үнемі қадағаланып отыратындығын және осы жұмыстарға риза екендіктерін білдірді. Сонымен қатар 11 сынып бітірушілердің ата-аналарынан ЖОО мамандықтары, оқу талаптары туралы сұрақтар, бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты Құрсай өзегінің бойындағы көпірдің қауіптілігі жөнінде ұсыныстар білдірілді. Шара кезінде Мектепалды даярлық тобының ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Ата-аналарға «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Ашық есік күніне қатысқан ата-аналар, ата-аналар комитетінің және қамқоршылық кеңес мүшелері дән риза болып, бұндай шараны алдағы уақытта жиі өткізіп тұруға ұсыныс жасады. Бұл шараның ата-ана мектептегі оқу-тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту мақсатында маңызы зор.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз