АШАРШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ӘЖЕМ АЙТПАҒАН АҚИҚАТ

Байғұс әжемнің ашаршылықта 15 баласы өлген екен.

Ол кезде мектеп оқушысымын. Сексендегі әжем Данаш «баяғы ашаршылық кезде» дегенді көп айтатын. Айтайын демейді-ау, ауыр сөз аузынан оқыстан оқтай атылып шығып кететін тәрізді. Себебі сол сөзден кейін қабағын шытып, үнсіз қалатын.

- Әже, ол ашаршылық қай кезде болған? Ұлы Отан соғысының кезінде ме?-деймін.

-Жоқ,-дейді әжем,-одан бұрын болды. Мен, сол кезде 6 кластың оқушысы бұған аң-таң боламын. «СССР тарихы» мен «Қазақ ССР тарихында» ашаршылық туралы бір ауыз сөз жоқ. Әжем сонда қайдағы ашаршылықты айтып отыр?

-Әже-ау, сонда ол қай кезде болған ашаршылық?

...Әжемде үн жоқ.

Қай кезде болған ашаршылық екенін мен тек есейген соң, әжем сол жұмбақты ашпаған күйі, маған, немересінің сұрағына жауап бермеген күйі о дүниелік боп кеткеннен кейін, тек Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін білдім. Сөйтсем байғұс әжемнің ашаршылықта 15 баласы өлген екен. Екі үйлі жан қырылып, бір әулеттің оты өшейін деп тұрған соң әмеңгерлік жолымен атама күйеуге шығып, бір ұл мен бір қызды өмірге әкелген. 15 баласын жалмаған ашаршылық туралы айтқысы келмейтіні содан немесе Кеңес үкіметі кезінде ашаршылық туралы айтуға тыйым салынған. Ашаршылықты көзімен көрген әжем туралы әңгіме жазып, ол «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды.

Иә, ашаршылық дегеніміз... қазақ халқының басына төнген қаралы қасірет, зұлым зұлмат екен. Ашаршылық туралы демограф ғалымдардың еңбектерімен, журналистердің монографиялық мақалаларымен таныстым. Сөйтіп әжем жауап бере алмаған сұрақтың жауабын іздедім...

Мақаланы толық нұсқасын газетіміздің №21 санынан оқи аласыздар.

С.ШӘТЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз