Асқар Мамин Теңіз кен орны мен бірқатар мұнай-газ жобаларын аралады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Атырау облысындаболды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 17-18 шілде аралығында Атырау облысына жұмыс сапары барысында мұнай-газ саласы кәсіпорындарын аралап, жаңа өнеркәсіптік нысандардың салыну барысымен танысты және жергілікті қамтуды, мұнайгаз машина жасауды дамыту және ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

ҚР Үкіметінің басшысы салынып жатқан «Теңіз» кен орны үшінші буын зауытына барды, ол «Теңізшевройл» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Болашақ» кеңейту жобасы аясында салынып жатыр. Зауытта жалпы құрылысы жұмыстары, жерасты коммуникацияларын жүргізу, резервуарлар монтажы жүргізіліп жатыр, 23 құрастырмалы модульдік эстакадалар орнатылған. Екі газ-трубиналы генератор мен технологиялық модульді құрастыру сәтті аяқталды. Зауыттың құрылыс алаңында 25 мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйым жұмыс істейді, 3300-ге жуық адам тартылған. Жоба 2022 жылы аяқталады.

ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар Қашаған кен орнын және мұнай өндіріліп, оны «Болашақ» зауытына құбыр желісі бойынша одан әрі тасымалдаумен бірінші реттік сеперация жүргізілетін D жасанды аралын ұшумен аралады. Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Үкіметінің басшысы жергілікті қамтуды дамыту, мұнайгаз машина жасау, ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Асқар Мамин ірі жобалар операторларының сатып алуларында жергілікті қамту үлесі өсімді байқатып отырғанын атап өтті, бірақ, қазақстандық машина жасаушылардың өнімдері дамыту толыққанды пайдаланылмай отыр. «Бұл жағдай пәрменді шараларды, оның ішінде жобалар операторлары тарапынан да қабылдауды талап етеді», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Асқар Мамин Үкіметтің Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын қабылдағанын айтты, онда машинажасау кәсіпорындарын салықтық артықшылықтармен, қаржылық және шикізаттық қолдаумен, сондай-ақ білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді пысықтау қарастырылған. Кеңесте сонымен қатар ҚР еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері, атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың кәсіпорындарда жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайлары мен тұруын қамтамасыз ету бойынша мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты вертикальді бақылауды енгізуі талқыланды. Сонымен қатар өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі «АМӨЗ» ЖШС мұнайды терең өңдеу кешенін, «АтырауМұнайМаш», «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» АЭА, «Полимер Продакшн», «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.», «Karabatan Utility Solutions», «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытын, «Шеврон Мұнайгаз Инк.», түрлі маркалы оптикалық кабель шығаратын зауытты аралады.

Материал: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT