Асқар Мамин аймақтағы балық шаруашылығы мамандарын дайындау бастамасын қолдады

Премьер-Министр Атырау облысында балық шаруашылығы саласы үшін мамандар дайындау бастамасын қолдады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Атырау облысына жұмыс сапары кезінде Н.Балғымбаев атындағы даму және коммуникация орталығында Қазақстанның балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі кездесу кезінде оның ректоры Гүлзада Шакуликова Үкімет басшысымен «Балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша мамандар дайындау мәселесін талқылады.

Премьер-Министр ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзом Мырзағалиевке ЖОО-ның бастамасын қолдауды және өңірге де, жалпы елге де қажет балық саласы мамандарын дайындауда қолқабыс етуді тапсырды.

Г.Шакуликова нақтылап айтқандай, тиісті кадрларды дайындау «Ихтиология, кәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы» мамандығы бойынша 2001 жылдан, ал, «Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша 2004 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Балық шаруашылығы саласының ардагерлері де аталған саланың мамандарын дайындау бүгін өңір үшін аса өзекті мәселе екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Атырау облысында балық аулайтын 18 өндірістік кооператив қызмет етеді. Өткен жылы өңірге 15 464 тонна балық аулауға квота бөлініп, ол 84,7% игерілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз