Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі «BizBirgemiz» атты қайырымдылық акциясы өтуде. Оған «Нұр Отан» партияның белсенді мүшесі, кәсіпкер Асқар Шакиров те белсене атсалысты. Ол Тұрғызба селосындағы бірнеше үйді тегін азық-түлікпен және қорғаныш бетпердемен қамтамасыз етті. Тұрғындар кәсіпкерге алғысын айтты. Осылайша Асқар мырза ауылдастарының алғысына бөленді.
Ж.Шаңқанова