«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын 2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан болатын. «Азаматтардың, халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – барлығымызға ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», - деген еді Жолдауда.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аудан әкімінің атына келіп түскен арыз-шағымдар мен өтініштер ешқашан ескерусіз қалып көрген емес. Бұл ретте аудан басшысы Жұмабек Қаражанов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдап, арыздарын ауызба ауыз тыңдауды әдетке айналдырған. Айталық, өткен аптаның ішінде Жұмабек Байрақбайұлы жеке сұрақтары бойынша 25 тұрғынды қабылдады. Онда өңір басшысы ретінде тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар мәселелерге заң аясында түсінік берілді.
-Қазіргі уақытта ауданымызда орын алған төтенше жағдайға байланысты азаматтарды қабылдау күндері өзгеруде. Дегенмен, барлық тұрғынды қабылдап, келген әрбір азаматтың мәселесін шешуге тырысамыз. Тұрғындардың көтерген кейбір проблемалары қабылдауда бірден шешімін тауып жатса, бірқатар мәселелердің түйінін тарқату біраз уақытты қажет етеді. Мұндай жағдайда жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы қатаң бақылауға алынады. Ал алға қарай да арыз бен өтініш жолдап, жеке қабылдауыма жазылуды көздеп жүрген жерлестерім болса, онда есік ашық. Ол үшін 8 (71237) 5-11-53 байланыс нөміріне хабарласуға болады немесе мені @zhumabek_karazhanov @jylyoi_ audany_akimdigi әлеуметтік желісінен табасыз,-дейді инстаграм арқылы оқырмандармен тілдескен аудан әкімі Жұмабек Қаражанов.
Өз тілшімізден