Қарулас досын іздеген бельгиялық

Қазкенді шетелдік досы Жан Брэпсон күні кешеге дейін іздеп, Құлсарыға хаттар жазып тұрды.

Ұлы Отан соғысына Жылыойдың мұғалімдері де жаппай аттанды. Днепрден өткенде ерекше қаһармандық танытып, орден алған Боранбай Қазиевтің есімі біраз жерге жайылды. Жаужүрек жауынгер 1944 жылдың 20 маусымында Тернополь облысы, Тетуман ауданының Огданиям селосында қаза тапты.

Ол жөнінде кезінде «Соцалистік Қазақстан» газетінде жазылып, «Казахстанцы Великий Отечественной войне» деген фотоальбомда көркем суреті берілді.

Ал мұғалімдер әулетін құраған ағайынды Мауыт, Жұбат, Жамал Бисалиевтердің бауыры Қазкен Бисалиев Бельгиядағы антифашистік жасырын ұйымның мүшесі болған. Оның ұйымдағы құпия аты «Николай Бейсалин» еді. Қазкенді Лъеже қаласындағы шетелдік досы Жан Брэпсон күні кешеге дейін іздеп, Құлсарыға хаттар жазып тұрды.

Жалпы біздің ауданнан 14 мұғалім «Отан соғысы» орденінің иегері атанды. Олар: Құспан Асанов, Есен Мусин, Сабыр Өтегенов, Қалау Иманғалиев және басқалар. Ал 4 педагог «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз