Қарттарым, есен-саумысың?!

1 - Қазан Халықаралық Қарттар күніне орай қазан айында қайырымдылық іс-шараларымен жалғасуда.

Қарттар күнін атап өтудің басты мақсаты - аз қамтылған отбасыларына, жалғызбасты қарттарға, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлу, оларға қайырымдылық жасау. Осы бағытта 5 қазан күні Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты "Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында" қызмет алып отырған 50 зейнеткер, жалғызбасты қарт және мүгедектерге "AGI-CDCS Kazakstan JV" ЖШС-і арқылы демеуші мекеме ретінде қайырымдылық шарасы карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.

Қарттардың үйлеріне барып, олармен әңгіме-дүкен құрып, мерекелерімен құттықтап қайтты. Үлкен кісілер өз алдында ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, бата-тілектерін жеткізіп шығарып салды. Мұндай қайырымдылық шаралары мерекеде ғана емес, алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

"Жылыой-ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз