Қарттар мен мүгедектердің қолқанаты

-Әлеуметтік қызметкер кімдерге тағайындалады?

Алмагүл, қала тұрғыны

Бұл сауалға жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы жауап береді.

-Әлеуметтік қызметкерлер 5 санаттағы азаматтарға тағайындалады. Ол, біріншіден, психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқандар мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға және бірінші, екінші топтағы мүгедектерге тағайындалады.

Әлеуметтік қызметкерлердің міндеттері мен жұмыс тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 165-бұйырығымен бекітілген. Мүгедектік анықтаманың мерзімі аяқталған кезде медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткенде жеке оңалту бағдарламасы тағайындалады. Сол құжатта үй жағдайында әлеуметтік қызметкерге мұқтаж деп көрсетіледі. Соған орай жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметкер тағайындайды. Құлсары қаласында «Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсетіп келуде.

Аумақтық орталықта үш бөлімше жұмыс атқарады, жалғызбасты қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 47 қартқа, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 54 балаға, күндізгі бөлімшеде 34 балаға 1 дефектолог, 1 психолог, 13 әлеуметтік қызметкер, 3 тәрбиеші қызмет көрсетеді. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әрбір әлеуметтік қызметкеріне 7-8 бала немесе жалғызбасты қарттар жүктелген. Орталық мамандарымен келесі қызмет түрлері көрсетілуде:

әлеуметтік-тұрмыстық қызмет; әлеуметтік-медициналық қызмет; әлеуметтік-психологиялық қызмет; әлеуметтік-педагогикалық қызмет; әлеуметтік-мәдени қызмет; әлеуметтік-экономикалық қызмет; әлеуметтік-құқықтық қызмет; әлеуметтік-еңбектік қызмет. Мәселен, психологиялық-әлеуметтік қызмет бойынша біздегі балалар бөлімшесінде ауыр диагнозбен қызмет алады. Сол балалардың ата-анасымен мамандарымыз жұмыс істейді. Баласы ауру болғандықтан, депрессияға түсетіндер бар. Соларды көтеру үшін күш салады. Балаларының көңілін көтеруге,киімін ауыстыруға,жаз айларында таза ауада серуендетуге, өмірге тәрбиелеуге көмектеседі.

Бір қызмет алушыға екі сағаттан, аптасына екі рет қызмет көрсетеді. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес жеке оңалту бағдарламасы тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның шешімі шыққаннан кейін әлеуметтік қызметкер бөлінеді. Үйіне барып, жұмыс кестесі жасалынады. Жеке жұмыс жоспары жасалынады. Күнделікті қандай жұмыстар атқаратыны белгіленеді. Айына бір рет бөлім басшылары сараптама жасап отырады.

Орталықта 1-2-топ және мүгедектік арбаға таңылған мүгедектерге орталыққа келіп-кетуге, қажетті жерлеріне (емханаға,шаштаразға, ХҚКО-ға т.б.) барып келу үшін инватакси қызметі тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар жоспарлы түрде мерекелік іс-шаралар, туған күндер, қайырымдылық акциялары өткізіліп тұрады.

Біздің мекен-жайымыз: Құлсары қаласы, Барлаушы №1 үй (ескі №21 мектеп ғимараты) Байланыс телефоны: 4-74-42

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521