Қарттарға құрмет көрсетілді

Қазіргі жаңа заман мен өткен дәуірдің арасы жер мен көктей. Әсіресе медицина саласында уақытпен санаспай маңдай терін сарп еткен ақ халатты абзал жандардың еңбегін ешқашан ұмыт қалдыруға болмайды.

Бұл ретте аудандық аурухананың кәсіподақ комитеті өз ардагерлерін ұмыт қалдырып көрген емес. Жақында кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлхан Қожағұлованың ұйытқы болуымен ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша үлес қосқан бір топ ардагерлер мен зейнеткерлерді ұлығылады.

Қарттар күні мен қазандағы қайырымдылық айына орайластырылған шараны аурухана басшылығы да қызу қолдап, қарияларға құрмет көрсетті. Онда орталық аурухана директоры Нұрбек Үкібаев, ардагерлер ұйымының төрайымы М.Ізмағамбетова саналы ғұмырын аудан халқы денсаулығының күзетіне сарп еткен абзал жандарды құттықтап, түрлі сый-сияпаттарын ұсынды. Қарттар күні қариясын құрметтеген бүгінгінің дәрігерлеріне ардагер ағалар мен апалар алғысын жаудырып, ақыл-кеңесін де аямады.

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз