Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының тұрғыны Жауымбай Мұшақұловтың әкесінің үйіне белгісіз біреу ұрлыққа түскен, - деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, қарияның үйіне терезесін сындырып кірген бейтаныс азаматтың құны 200 мың теңге шамасында тұратын қажетті тұрмыстық заттарын ұрлап әкеткені белгілі болған. Сол әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік инспектор еңбек демалысында болса да қылмысты ашуға жұмыстаныпты. Нәтижесінде күдікті 1987 жылы туған сол ауылдың тұрғыны екені анықталып, ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрғиса Жамалбеков - Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры. Осы қызметте 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.
- Еңбек демалысында жүрсе де, менің арызым бойынша көмекке келген Нұрғиса Жамалбековке рақметімді айтамын. Осындай инспекторлар бар кезде, қауіпсіздігімізге алаңдамасақ болады, - деді Шоқпатоғай ауылының тұрғыны Жауымбай М. Мұшақұлов.