Қарияларға қамқорлық

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ауданымыздағы бір топ тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Дәл осы күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолла тыл еңбеккерлерінің үйіне арнайы барды. Оларды мерекелерімен құттықтап, гүл шоғы мен тәттіге толы себетін сыйлады. Бөлім басшысы қарттарды «5 ағайын» мейрамханасында ұйымдастырылатын шараға шақырды. Ардагерлер атаулы күні көңіл бөліп, арнайы келген бөлім басшысы мен қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Сонымен қатар «Қазан айы - қайырымдылық айы» қайырымдылық шарасының басталуына орай тұрмысы төмен, көпбалалы отбасында болып, бөлім атынан сыйлықтарын табыс етті.

Қ.Нұртайұлы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз