Ардагерлерге құрмет – баршаға міндет

«Қарты бар үй - қазыналы үй» , қарт кісіні құт-береке деп тану - ол ұрпақтың тәрбиелі болуы.

Қария деген сөз - елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену деген сөз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында аудан әкімі Азамат Бекет саналы ғұмырларын, тынымсыз еңбектерін мемлекетіміздің негізін салуға арнаған, ауданымыздың дамуына талмай қызмет еткен ардагерлердің үйлеріне барып, еліміздің ең басты мерекесімен құттықтады. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалып отыр. Ауданымыздың төл перзенті, ақын, Халық ағарту ісінің үздігі А.Ершуов және мұнайшы ардагер Н.Бешімовтер айтулы мерекеде қарттарға көңіл бөліп келген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, қызметіне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан - ардақты да аяулы қарттарымыз. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін қосатыны сөзсіз.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521