Ардагерлерге оттегі аппараттары сыйға тартылды

ken-zhyloi.kz

Таяуда NCOC компаниясы өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан облыстың 53 еңбек ардагеріне Jay-5 маркалы оттегі аппараттарын сыйға тартқан еді. Енді, міне, сол емдік аппараттың 3 данасы ауданымызға да жетіп өз иелеріне табысталды. Оттегі концентраторларын табыстау үшін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынбай Бектілеуов пен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнафис Айшуақова ардагерлердің шаңырағына арнайы барды.

Олар ем үшін қолданылатын құрылғының қолдану ережелерін түсіндірді. Аппараттың алғашқы данасы 96 жастағы кейуана Тойған Тойғұловаға берілсе, енді бірі 92 жастағы Зейнел Бозтаевқа, тағы бір данасы Мәз Өзбековаға табысталды. Есімі көрсетілген ардагерлердің үшеуі де - Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл даласында қара жұмыс жасап, аянбай еңбек еткен жандар. Соған сай "Тылдағы қажырлы еңбегі үшін" медальдарымен де марапатталды.

Емдік мақсатта қолданылатын қымбат құрылғының дәл осы кісілерге сыйға тартылуының да өзіндік себебі жоқ емес. Былтырғы індет өршіген жаз айларында көптеген егде қариялар коронавируспен ауырған еді... Құрылғы жүрек және қан айналысы жүйесін, өкпе мен мидың созылмалы ауруларын, сондай-ақ, оттегі жетіспеушілігі бар басқа да ауруларды емдеуге арналған. Оны үй жағдайында барлық отбасы мүшелері кезек-кезек қолдана берсе болады. Тек алдын ала арнайы медициналық спиртпен залалдандырса болғаны. Айта кетейік, оттегі консентраторларының әрқайсысының бағасы 200 мың теңгеден астам.

Ш.ХАМИТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз