Ардагерлерге құрмет

№1 жалпы орта білім беретін мектепте 10 а сынып жетекшісі А.Айтуарова мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Д.Құсайыновтың ұйымдастыруымен "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" атты кездесу кеші өтті.

Оқушылар Ауған соғысы ардагері Серікбай Қожамұратовпен кездесті. Балалар Серікбай ағаның майданда басынан өткізген небір оқиғаларға қанықты. Кеш өте әсерлі өтті. «Жігер» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қашанда ардагерлерді құрметтеп, олардың ерліктерін үлгі тұтады. Бұл жолы да олар жауынгердің әңгімесін ден қоя тыңдап, бірге естелік суретке түсті. Мұндай әскери-патриоттық шаралар оқушылардың бойына ел қорғау тәрізді қымбат та асқақ сезімді ұялатары хақ.

Сымбат САҒЫНДЫҚОВА,
өзін - өзі басқару мектеп парламентінің
Ақпарат фракциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз