Ардагерлер өмір тәжірибесімен бөлісті

Азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды

Жылыой аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтық қорғау органдарының ардагерлері Ауданов Ғабит Баймұханұлы мен Сүндетов Руслан Нығметжанұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жас қызметкерлердің бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, oтансүйгіштікке, елжандылыққа баулу, сонымен бірге, белсенді тұлға қалыптастыруға тәрбиелеу болып табылады.

Кездесу барысында шара қонақтары азаматтық қорғау органдары саласында қызмет атқарған жылдарында алған кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге ақыл-кеңестерін бөлісті.

Бүгінгі күнде бұл қос ардагер құтқару қызметінен әлі де қол үзбей, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінде еңбек жолдарын жалғастыруда.

Қ.Кенжебеков,

Жылыой ауданының Төтеше жағдайлар бөлімінің

бас маманы азаматтық қорғау капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз